Қашықтықтан оқыту-балалардың дербестігі мен жауапкершілігі дәрежесіне, өз өмірін ұйымдастыру және оны басқару қабілетіне, оқу қабілетін қалыптастыруға арналған тест. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуды позитивті түрде қабылдау керек – балаға, әсіресе жоғары сынып оқушысына, тезірек білім алуға, тұлға ретінде дамуға мүмкіндік ретінде. Қашықтықтан оқытудың маңызды компоненттеріне тоқталайық.
Диалог пен сыйластық, достық қарым-қатынас маңызды, баланың өзі мұғалімнің тапсырмаларын орындауы үшін. Оған көмек үшін не керек болатынын және не кедергі болатынын талқылаңыз. Ол өзінің ниетін қағазға жазсын. Жазбаша түрде жазылған өз шешімі оқушы үшін психологиялық қолдау болады, оған жүгінуге болады.
Әр күннің соңында баламен қолынан не келгенін және әлі жұмыс жасау керек болатын жағдайларды егжей-тегжейлі талқылаңыз. Табыстар мен қиындықтарды түсіну үшін нақты тәжірибеге бағытталған ашық сұрақтар қойыңыз: не, қалай, не үшін, не сезіндім, ол қалай болды немесе қолынан келмеді және т.б. Өз кезегінде оған егжей-тегжейлі оң кері байланыс беріңіз: баланың нақты сәтті тәжірибесін сипаттаңыз, қуаныш, таңдану, құрмет білдіріңіз. Және көбірек құшақтауды ұмытпаңыз.
Оқушылардың көпшілігі уақытты белгілеуді және оны жоспарлауды білмейді. Балаға күн сайын жоспар құруға көмектесіңіз, ал кешке оны егжей-тегжейлі айтып, ертеңгі күннің "бейнефильмін" ақылмен айналдырыңыз. Оқушының көз алдында жоспарланған кезеңнің аяқталуын белгілейтін сағат пен таймер болуы маңызды
Жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды. Қажет нәрсенің бәрі қол жетімді жерде болуы керек, ал ұялы телефон мен басқа гаджеттер жұмыс аймағынан тыс жерде болуы керек.
Құрметті ата-аналар, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқу орнынан алған ұсыныстарды ұстануға тырысыңыз. Өзіңіз және балаңыз үшін сабырлылық сақтаңыз және мектеп әкімшілігінен тек ресми ақпаратқа сүйеніңіз.