Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дейді. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру саясатының бағытында Саумалкөл №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тургунбаева Зинаида Ережеевна ұрпаққа сапалы білімді игертіп жүрген ұстаздардың бірі. Зинаида Ережеевна – педагогикалық қызметінде өзін әрдайым білімді, шығармашылығы мол ұстаз ретінде көрсетіп жүр.
Ұстаз өзіне де, оқушылардан да қатал тәртіпті талап ететін тұлға. Ол балаларды адалдыққа, шындыққа, берілген істі жауапкершілікпен орындауға, адамгершілігі мол азамат болуға тәрбиелейді.
Ұстаз жоғары педагогикалық қабілеттілігіне байланысты, әр түрлі сыныптан тыс іс-шараларды өткізуде, ұжымды ұйымдастырып, жоғары нәтижелерге ие болады. Оның оқушылары қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Жұмысының нәтижесі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында осы жылдың қараша айында өткен «Жүзден жүйрік» атты облыстық сайысқа қатысып, жүлделі ІІІ орынға иеленді.
Зинаида Ережеевнаға алдағы уақытта шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз.
Саумалкөл №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі