7 сәуірде Халықаралық денсаулық күні аясында №1 СОМ-те 2 сынып оқушылары үшін кітапханашылар "Денсаулық жақсы-зарядтауға рахмет" спорттық-ойын бағдарламасын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашылар балаларға таңертеңгілік жаттығулардың пайдасы, дұрыс тамақтану, жаман әдеттер, түрлі спорт түрлерімен шұғылдану туралы айтып берді. Сондай-ақ, денсаулық күніне орай «К здоровью с книгой» атты кітап көрмесі дайындалды, онда салауатты өмір салты, адам ағзасының қалай жұмыс істейтіні және тағы басқалар туралы кітаптар ұсынылды.